Q University Logo
Психология және журналистика

Q University-де Q Campus және Q Radio медиаплатформалары іске қосылды.

Q University-де Q Campus және Q Radio медиаплатформалары іске қосылды.

ByAdministrator3/19/2026

Q University-де заманауи білім беру және медиааумақты дамыту жалғасуда. Университетте екі жаңа жоба — студенттік газет Q Campus және университеттік радио Q Radio іске қосылды.

Бұл платформалар ашық ақпараттық кеңістік қалыптастыруға, медиамәдениетті дамытуға және студенттердің бастамаларын қолдауға бағытталған.

Q Radio — университеттің дауысы, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және университет жаңалықтарын жедел жеткізуге арналған жаңа алаң.

Эфирде: университет жаңалықтары, студенттік рубрикалар, сұхбаттар, білім беру және мотивациялық контент.

Радио күн сайын эфирге шығады:

·  10:50 – 11:00

·  14:00 – 14:10

·  17:00 – 17:10

Q Radio университет қауымдастығын біріктіретін заманауи коммуникациялық құралға айналуда.

Q Campus — студенттердің еркін алаңы, студенттердің ойы мен көзқарасын көрсететін заманауи медиаплатформа.

Алғашқы шығарылымда: өзекті жаңалықтар, студенттік өмір, сұхбаттар, аналитикалық және психологиялық материалдар, құқықтық және кәсіби бағдар беру тақырыптары ұсынылған.

Газет университеттің басқа медиажобаларымен интеграцияланған.

Q Campus және Q Radio жобалары студенттерге: медиа-контент жасауға қатысуға, журналистика және коммуникация дағдыларын дамытуға, өз идеяларын жүзеге асыруға, кәсіби портфолио қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта барлық білім беру бағдарламалары студенттері арасында командаға қабылдау жүргізілуде.

Q Campus және Q Radio — бұл жай ғана медиа емес. Бұл — жаңа буынның дауысы.