«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

«Заң» академиялық мектебінің басшылығы 1 курс студенттері Әли Әлия, Мұрат Аян, Мирзабаева Шайра, Нұрқасым Ерасылдан құралған «Әділет Альянсы» командасын ғылыми қызметті жүзеге асырудағы табысты бастамаларымен құттықтайды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы әкімдігінің және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер олимпиадасына 6В042 «Құқық» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары бойынша «Әділет Альянсы» студенттер командасы қатысты. Қазақстанның барлық облыстарынан 90 команда қатысқан іріктеу кезеңінен өтіп, өте қиын тартыста 16 команданың ішінде біздің жігіттер олимпиаданың финалына шығып, естелік мүсінше мен финалға қатысушылардың сертификатымен марапатталды.

«Заң» академиялық мектебінің басшылығы 1 курс студенттері Әли Әлия, Мұрат Аян, Мирзабаева Шайра, Нұрқасым Ерасылдан құралған «Әділет Альянсы» командасын ғылыми қызметті жүзеге асырудағы табысты бастамаларымен құттықтайды. Мұндай іс-шараларға қатысу біздің студенттер үшін ғылыми қызметтің баға жетпес тәжірибесі болып табылады және жалпы алғанда, университетімізде студенттік ғылымның одан әрі дамуына ықпал етеді.