Қосымша білім беру аясында 6В03102-Психология білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері Coursera платформасында курстардан өтті. Бұл курстар студенттерге өз саласында жұмыс табу үшін қажетті дағдыларды, сондай-ақ оларға сәйкес лауазымдарға өтініш беруге мүмкіндік беретін ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Coursera сертификатын алу платформадағы курсты сәтті аяқтаудың ресми растауы болып саналады.