Q University Logo

Ғылым және ынтымақтастық департаменті «Q» UNIVERSITY

Басты бетҒылым және инновацияларҒылым және ынтымақтастық департаменті «Q» UNIVERSITY

Департамент туралы

Ғылым және ынтымақтастық департаменті «Q» UNIVERSITY университеттің ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және бақылау, сондай-ақ халықаралық және институтаралық ынтымақтастықты дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мақсаты – ғылыми және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру, ғылыми әлеуетті максималды пайдалану, зерттеулердің материалдық-техникалық базасын дамыту және серіктестік байланыстарды нығайту.

Департамент функциялары

Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты университетте іске асыру

Ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖ) және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖС) халықаралық стандарттарға сәйкес дамуына көмектесу

Кафедралардың, институттардың, ғылыми орталықтардың және зертханалардың ғылыми қызметін үйлестіру және бақылау

Қызметкерлер мен оқытушы-профессорлық құрамның ғылыми жарияланымдарының сапасын арттыруды қамтамасыз ету (импакт-факторы бар журналдарда, рейтингтік басылымдарда және т.б.)

Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қорғау құжаттарын алу процесін ұйымдастыру және бақылау

Университет пен оның бөлімшелерінің ҒЗЖ және ҒЗЖС жоспарларын орындауды үйлестіру

Қызметкерлер мен оқытушылардың әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобалар байқауларына қатысуын қолдау

Құзыретті органдар бекіткен халықаралық және республикалық ғылыми іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және бақылау

Студенттер ғылыми үйірмелерінің қызметін үйлестіру

Магистранттар мен студенттердің байқауларға, олимпиадаларға және ғылыми конференцияларға қатысуына көмектесу

Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және қолдау, оның ішінде шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулерді ұйымдастыру

Оқытушылар, зерттеушілер және студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын үйлестіру

Ғылыми және білім беру мекемемерімен, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру үшін индустриялық серіктестермен серіктестік байланыстарды орнату және нығайту

Халықаралық және институтаралық ынтымақтастық аясында гранттық бағдарламалар мен жобаларды ұйымдастыру және қолдау

Ғылым және ынтымақтастық департаменті | Ғылым және инновация | «Q» University