Q University Logo

Магистратура бағдарламалары

Басты бетЖалпы білім беруМагистратура бағдарламалары

«Q» University жоғарғы білім

Магистратура - бұл дайындық бағыттары бойынша «Магистр» дәрежесін беру арқылы жүргізілетін жоғарғы білімнің кәсіби бағдарламасы. «Q» University-де магистратураның әртүрлі бағыттары бойынша кадр дайындауды жүзеге асыратын 5 академиялық мектеп жұмыс істейді.

Студенты магистратуры Q University

Бұл бағдарлама кімге арналған:

  • бакалавриат түлектері
  • жоғарғы білімі бар мамандар

Оқу туралы мәліметтер

Оқыту 2 тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілдерінде.

Оқыту түрі – күндізгі, сырттай.

Магистранттардың қолында:

Заманауи зертханалар мен зерттеу орталықтары
Бай кітапхана қоры мен электронды ресурстар
Тәжірибелі ғылыми жетекшілер
Жоғары технологиялы аудиториялар
Ғылыми конференцияларға қатысу
Жетекші компанияларда тағылымдама

«Q» UNIVERSITY МАГИСТРАТУРАСЫНА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

1

1-қадам. Білім беру бағдарламасын таңдау

Білім беру саласының коды мен жіктелуіДайындық бағыттарының коды мен жіктелуіБілім беру бағдарламаларының тобыБілім беру бағдарламаларының коды
7М03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат7М031 Әлеуметтік ғылымдарМ066 Психология
7М03101
Психология (бейіндік бағыт)
7М03102
Психология (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М04 Бизнес, басқару және құқық7М042 ҚұқықМ078 Құқық
7М04203
Заңтану (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М04204
Заңтану (бейіндік бағыт)
7М04 Бизнес, басқару және құқық7М041 Бизнес және басқаруМ074 Қаржы, банк және сақтандыру ісі
7М04101
Қаржы (бейіндік бағыт)
7М04107
Қаржы (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М04 Бизнес, басқару және құқық7М041 Бизнес және басқаруМ072 Менеджмент және басқару
7М04103
Менеджмент (бейіндік бағыт)
7М04105
Менеджмент (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М04 Бизнес, басқару және құқық7М041 Бизнес және басқаруМ070 Экономика
7М04104
Экономика (бейіндік бағыт)
7М04106
Экономика (ғылыми-педагогикалық бағыт)
2

2-қадам. КТ тапсыру

Кешенді тестілеу ережелері

КТ келесі сынақтардан тұрады:

- шет тілі тесті немесе шет тілін білетіндігін растайтын сертификат,

- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест,

- оқуға дайындығын анықтауға арналған тест.

Магистратураға түсуші тұлғалар оқуға дайындығын анықтау үшін шет тілі бойынша тестті (таңдау бойынша Ағылшын, Неміс, Француз), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тестті, қазақ немесе орыс тілінде таңдау бойынша тестті қамтитын кешенді тестілеуді тапсырады.

Магистратураға ағылшын тілінде түсетін тұлғалар ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тестті және оқуға дайындығын анықтау үшін таңдау бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі тестті қамтитын кешенді тестілеуді тапсырады.

Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсетін адамдар оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті, білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша, таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде тестті қамтитын араб тілі бойынша түсу емтиханын және кешенді тестілеуді (КТ) тапсырады.

1) оқуға дайындығын айқындау үшін шет тілі (ағылшын, неміс, француз таңдауы бойынша) тестін, қазақ немесе орыс тілі бойынша таңдауға арналған тестті қамтитын кешенді тестілеу;

2) білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан.

КТ үшін бағалаудың 100 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес кешенді тестілеу қорытындысы бойынша магистратураға түсу үшін өту балы: кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша — кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен — кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдағанда — кемінде 7 ұпай.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға қабылдау үшін кешенді тестілеу және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың қорытындылары бойынша өту балы: кемінде 50 балл, оның ішінде шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын айқындауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және шығармашылық бойынша емтихандарға — әрбір шығармашылық емтихан кемінде 7 балл. Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл — 35 балл.

Араб тілі және КТ бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсу үшін өту балы: кемінде 50 балл, бұл ретте араб тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша — кемінде 7 балл.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратурада оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандары және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

1) қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша — кемінде 75 балл;

2) ағылшын тілінде оқытылатын магистратура үшін — кемінде 50 балл.

КТ-ға тіркелу үшін өтініштерді қабылдау онлайн түрде Орталықтың сайты арқылы сілтеме бойынша жүргізіледі.

app.testcenter.kz

7М042-ҚҰҚЫҚ ДАЙЫНДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ПРЕРЕКВИЗИТТЕРДІ ИГЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Құқық» бағыты бойынша магистратура бағдарламаларына түсу үшін пререквизиттерді игеру нәтижелері бойынша кешенді емтихан өткізіледі.

Магистранты готовятся к комплексному экзамену

Шығармашылық емтихан туралы ақпарат

«7М03201 Журналистика» ББ-ына түсу үшін екі шығармашылық емтихан тапсырылады:

  • Жазбаша (шығарма)
  • Ауызша (әңгімелесу)

«7М03201 — Журналистика» ББ-ына түсу үшін түлек шығармашылық емтихандардың әрқайсысынан кемінде 5 балл жинауы керек.

"Q" UNIVERSITY магистратурасына түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Белгіленген үлгідегі бланкіде қабылдау туралы өтініш ("Q" UNIVERSITY-де толтырылады);
Жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
КТ тапсыру нәтижелері бойынша сертификат (түпнұсқасы);
Жоғарғы білім туралы диплом (қосымшасымен түпнұсқасы);
3х4 см өлшеміндегі 6 фотосурет;
075-У нысанындағы медициналық анықтама + флюорография суреті;
063 нысанындағы медициналық анықтама (денсаулық паспорты);
Жұмыс орнынан анықтама (жұмыс істейтіндер үшін).
Магистратура бағдарламалары | Q University