«Қаржы»
Мектептің барлық бағдарламаларынаӨтінім беру
6B04104Бакалавриат
«Қаржы»
- БББ коды
- 6B04104
- Оқу мерзімі
- 3 жыл
- Академиялық дәреже
- Бизнес және басқару бакалавры
- Оқу нысаны
- Күндізгі
- Оқыту тілдері
- қазақ, орыс
Бағдарламаның мақсаты
Кең іргелі білімі бар, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделе алатын, командада жұмыс істей білетін, қаржы саласында қажетті білімі бар, бастапқы материалдарды талдап, негізделген қорытынды жасай алатын және оларды банк, сақтандыру, зейнетақы, инвестициялық және басқа да компанияларда, цифрлық технологиялар саласында практикада қолдана алатын жаңа формациядағы маманды даярлау.
«Қаржы» білім беру бағдарламасының түлегі – инвестициялық қорлар мен ұйымдарда білікті жұмыс істеуге дағдылары бар маман, қабілетті:
- Бизнесті дамытудың қаржылық стратегиясын әзірлеу;
- Қойылған мақсатқа жету үшін қаржылық тетік әзірлеу;
- Қаржылық жоспарлау, бюджеттеу, инвестициялау және қаржы-экономикалық процестерді болжау процесін ұйымдастыру;
- Қаржы ұйымдарының халықаралық жұмыс тәжірибесін зерттеу және оны отандық тәжірибеге бейімдеу.
Оқу нысаны мен мерзімі
- Күндізгі – мектептен кейін 3 жыл, колледжден кейін 2 жыл
- Қаржы саласында қажетті дағдылардың кең ауқымы;
- Қаржылық жоспарлау және жобаларды модельдеу дағдылары;
- Коммуникативтік, көшбасшылық дағдылар;
- Кәсіпкерлік ойлау және бизнес-жоспарлау дағдылары.
Біздің түлектер кім болып жұмыс істейді
- қаржы талдаушысы;
- қаржы сарапшысы;
- салық қызметінің маманы;
- бухгалтер;
- жоспарлау-экономикалық бөлімінің қызметкері;
- аудитор;
- биржа брокері;
- ішкі аудит қызметінің басшысы.
Осы бағдарламаға түскіңіз келе ме?
Өтінім қалдырыңыз — қабылдау комиссиясы сізбен хабарласып, барлық сұрақтарға жауап береді.
