Q University Logo

«Есеп және аудит»

Мектептің барлық бағдарламаларына
6B04102Бакалавриат

«Есеп және аудит»

БББ коды
6B04102
Оқу мерзімі
3 жыл
Академиялық дәреже
Бизнес және басқару бакалавры
Оқу нысаны
Күндізгі
Оқыту тілдері
қазақ, орыс

Бағдарламаның мақсаты

Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілік құру және аудит жүргізу бойынша жүйелі теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін талдауға және қаржылық-басқарушылық, салықтық және статистикалық есеп саласында негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының түлегі – тұрақты бизнес пен қаржы саласының маманы:

  • Компанияның есеп саясатын қалыптастырады
  • Құқықтық аясында еркін бағдар алады
  • Қаржы ағымдарының тиімділігіне талдау жүргізеді
  • Бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырады және жүзеге асырады
  • Кәсіпорынды болашақта дамытудың тиімді жолдарын анықтайды
  • Қаржылық есептілікке түсіндірме береді және тәуелсіз аудитін жүргізеді
  • Максималды пайдаға жету үшін оңтайлы басқару шешімдерін негіздейді

Оқу нысаны мен мерзімі

  • Күндізгі – мектептен кейін 3 жыл, колледжден кейін 2 жыл, екінші жоғары білім – 2 жыл.
  • «1С-Бухгалтерия» бағдарламаларын үйрену
  • Мемлекеттік платформаларда бухгалтерлік есеп жүргізу (салық порталы, egov)
  • Коммуникативтік, көшбасшылық дағдылар
  • Кәсіпкерлік ойлау және бизнес-жоспарлау дағдылары

Біздің түлектер кім болып жұмыс істейді

  • Бухгалтер, аудитор (ревизор), бухгалтер-ревизор, бас бухгалтер
  • Қаржылық талдаушы, кеңесші
  • Салық және қаржы қызметтерінің маманы
  • Ішкі және сыртқы аудит аудиторлары

Осы бағдарламаға түскіңіз келе ме?

Өтінім қалдырыңыз — қабылдау комиссиясы сізбен хабарласып, барлық сұрақтарға жауап береді.

Өтінім беру
6B04102 «Есеп және аудит» | Q University