Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2025 жылғы 22 мамырда «Антикоррупциялық волонтерлік» жобасына қатысатын студенттер үшін семинар-тренинг өткізді.
Жыл бойы аталмыш жобаға қатысқан «Құқық» бағытындағы оқу бағдарламаларының студенттері — Бақкелді Арнұр, Ахметов Мирас, Қасиет Жәнгірхан, Мирас Орынтай, Ерзат Әлмаханбет, Али Алия, Еркебулан Хамит, Сәрсенбай Әділет, Шукурллаев Бекарыс және басқа да студенттер волонтерлік қозғалыс аясында тек оқудан өтіп қана қоймай, қоғамдық маңызы бар қызметтерге де белсенді түрде араласты. Олардың үлесі сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға және жастар мен жалпы халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралар мен бастамаларды қолдаудан тұрды. Олардың бастамашылдығы мен жауапкершілігінің арқасында адалдық пен ашықтық идеялары тиімді таралып, қоғамдағы сенімді нығайтуға және азаматтық ұстанымды дамытуға септігін тигізді.
Волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысқаны үшін студенттер Антикоррупциялық қызметтің алғыс хаттарымен марапатталды. Мұндай марапаттар жастардың қоғамдық пайдалы жобаларға қатысуының маңыздылығын айқындайды және студенттерді осы саладағы белсенділігін жалғастыруға ынталандырады.