«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Академиялық мектеп орталықтары

«Психология және журналистика» академиялық мектебі жанындағы Психология институтының мақсаты

Білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру, мамандар даярлау мен ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған интеллектуалдық, материалдық және ақпараттық ресурстарды толық пайдалану.

Институттың негізгі міндеттері

  1. Жеке тұлғаның зияткерлік, мәдени және адамгершілік тұрғыдан дамуға деген қажеттілігін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім алу арқылы қанағаттандыру.
  2. Қоғам мен мемлекеттің Институт бейінін анықтайтын мамандықтар мен бағыттар бойынша жоғары білімді білікті мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру.
  3. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет нәтижелерін студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмысында кеңінен пайдалану.

Институт қызметінің негізгі бағыттары

Институт жүзеге асырады:

а) Қазақстан Республикасы мен шет елдердің білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты;

ә) ғылыми кеңестер, симпозиумдар, конференциялар, соның ішінде халықаралық деңгейде ұйымдастыру, өткізу және қатысу;

б) студенттік және мектептік ғылыми конференциялар, байқаулар, жарыстар және олимпиадалар ұйымдастыру және өткізу;

в) жыл сайынғы қызмет нәтижелеріне талдау жасау.

Институт Академия ректорына төмендегідей ұсыныстар дайындайды:

  1. а) жаңа мамандықтар мен мамандану бағыттарын ашу;

ә) стратегиялық жоспарды қалыптастыру;

  1. б) институт қызметкерлеріне ғылыми және құрметті атақтар беру;

в) Институт қызметкерлерін мемлекеттік және Академия марапаттарымен марапаттау.

Институт құрылымы мен қызметкерлері

Институттың ғылыми және инновациялық қызметі «Психология және журналистика» академиялық мектебі арқылы жүзеге асырылады.

Психология институтының Ережесі Pdf

С.М.Жақыпов атындағы орталық

2019 жылғы 15 мамырда Қайнар Академиясының «Психология, педагогика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы жанынан психология ғылымдарының докторы, профессор Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов атындағы психологиялық орталық құрылды.

Профессор С.М.Жақыпов атындағы орталықтың мақсаты — психологтың кәсіби мәдениетін дамыту, оның табысты кәсіби қызметін қамтамасыз ету, жеке және кәсіби дамудың мотивациялық ресурстарын, кәсіби ойлау қабілетін қалыптастыру және т.б.

Профессор Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыповтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Қазіргі этнопсихологияның даму үрдістері: тарихы, жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағы жарық көрді.

Жыл сайын профессор С.М.Жақыповтың туған күніне орай ғылыми-тәжірибелік (әдістемелік) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Заманауи психотехнологиялар және қолданбалы психология орталығының мақсаты — психологиялық ғылым мен практиканың, сондай-ақ психологиялық технологиялардың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу, білім беру қызметін және білім беру қатынастарына қатысушыларға психологиялық сүйемелдеуді үйлестіру, қамтамасыз ету және жүзеге асыру. Орталық өткізетін барлық семинарлар мен тренингтер практикалық сипатқа ие. Мұндай жұмыс формасы кәсіби дағдыларды тиімді дамытуға ықпал етеді.

Орталықтың міндеттері:

  1. Алынған мәліметтерді жетекші отандық және шетелдік журналдарда, ғылыми бағыттағы беделді басылымдарда жариялау, оқу-әдістемелік материалдар мен кәсіби нұсқаулықтарда нәтижелерін көрсету.
  2. Психология және оған шектес пәндер бойынша студенттер, магистранттар мен ғылыми қызметкерлерге арналған білім беру өнімдерін жасау.
  3. Психология ғылымының имиджін арттыру, қазіргі психотехнологиялардың маңыздылығы мен қолданбалы сипатын насихаттау мақсатында тренингтер, олимпиадалар, конференциялар, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру.
  4. Білім беру қызметтерін ұсыну: студенттер мен магистранттарға арналған оқу курстары, сабақтар, дәрістер ұйымдастыру; психолог мамандарға және басқа да бағыттағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстары.
  5. Ғылыми, білім беру және практикалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру.

Жақыпов орталығы туралы Ереже Pdf

Орталықты құру мақсаты — психология ғылымы мен практикасының басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, білім беру қызметін және білім алушыларға психологиялық қолдауды үйлестіру, қамтамасыз ету және жүзеге асыру.

Орталықтың міндеттері:

  1. Алынған мәліметтерді жетекші және шетелдік журналдарда жариялау, олардың импакт-фактор көрсеткіштері мен ғылыми салалардағы беделіне назар аудара отырып, сондай-ақ нәтижелерді оқу-әдістемелік құралдар мен кәсіби нұсқаулықтарда көрсету.
  2. Психология және оған қатысты заманауи технологиялар бойынша студенттерге, магистранттарға және ғылыми қызметкерлерге арналған білім беру өнімдерін жасау.
  3. Психология ғылымының беделін арттыру және қазіргі технологиялардың маңыздылығын көрсету мақсатында тренингтер, олимпиадалар, конференциялар, шеберлік сабақтары сияқты іс-шараларды ұйымдастыру.
  4. Білім беру қызметтерін ұсыну: оқу курстарын, сабақтарды, дәрістерді ұйымдастыру; психолог және басқа да мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстары.
  5. Ғылыми, білім беру және практикалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру.

Академияның заманауи психотехнологиялар және қолданбалы психология орталығы туралы Ереже Pdf