«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

«Жалпыбілімдік пәндер» академиялық мектебі – «Q» Университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Академиялық мектеп бакалавриат және магистратура деңгейінде ООД блогының міндетті компоненті пәндері бойынша білім беру үдерісін жүзеге асырады барлық білім беру бағдарламалары аясында.

Академиялық мектептің миссиясы – философиялық дүниетанымы, жоғары саяси санасы мен мәдениеті қалыптасқан, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу, патриотизм сезімін қалыптастыру, сыни ойлау элементтерін, студенттердің жеке және кәсіби мәдениетін дамыту.

Академиялық мектептің мақсаты – қазіргі ғылым мен практиканың жетістіктеріне сүйене отырып, біліктілікті үнемі арттыру және шығармашылық бастаманы дамыту арқылы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Академиялық мектептің міндеттері – болашақ бәсекеге қабілетті маманның дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, қазақ, орыс және шет тілдерінде коммуникативтік бағдарламаларды құру, салауатты өмір салтына, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағытталу; болашақ маманның әлеуметтану-мәдени дамуын қамтамасыз ететін жалпы құзыреттер жүйесін қалыптастыру, қазіргі әлемде мобильдікке, сыни ойлауға және ойлау қабілетіне ие тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруді дамыту.

Академиялық мектептің оқытушылар құрамы: 16 оқытушы, оның ішінде ғылыми атағы бар оқытушылар (академик, ғылым докторы, ғылым кандидаты) – 9, магистр, аға оқытушы – 8.

Академиялық мектеп оқытушыларының қызметі: профессорлар мен профессорлық-оқытушылық құрам қазіргі ғылымның өзекті бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында алыс және жақын шетел мамандарының ғылыми-әдістемелік семинар-тренингтеріне қатысып, білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолданады. Халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және коллоквиумдарға белсенді түрде қатысады.