Кітапхана оқырмандарға кітаптарды, газеттерді, журналдарды және кітапханада бар басқа материалдарды уақытша пайдалануға береді. Үйге кітаптарды беру абонемент арқылы жүзеге асырылады.
Кітапхананың оқу залында қолдануға арналған әдебиеттер үйге берілмейді. Кітапхананың оқу залдарында оқуға қандай да бір себептермен мүмкіндігі жоқ оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында «Түнгі абонемент» бойынша әдебиеттерді үйге беру қарастырылған. Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, ағымдағы мерзімді басылымдар, сирек және құнды кітаптар тек оқу залдарында жұмыс істеу үшін ғана беріледі. «Міндетті дана» мөрімен белгіленген соңғы және жалғыз даналар үйге берілмейді.
Оқырмандар басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда үйге алынған кітаптар мен басқа баспа өнімдерін пайдалану мерзімін ұзарта алады. Кітаптарды немесе басқа баспа материалдарын алған кезде оқырмандар басылымдарды мұқият қарап шығып, қандай да бір ақау байқалса, бұл туралы кітапханашыға хабарлауы тиіс. Басылымды бүлдірген жағдайда жауапкершілік соңғы пайдаланушыға жүктеледі.
Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Жарғысына және Кітапхана пайдалану ережелеріне сәйкес әкімшілік және азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады. Жоғалған немесе бүлінген басылымдар үшін жауапты оқырмандар оларды дәл сондай немесе кітапхана тең деп таныған басылымдармен немесе көшірмелерімен ауыстыруы тиіс, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда – нақты нарықтық құнын өтейді.
Университет кітапханасын пайдалануға студенттер, магистранттар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар және университет қызметкерлері құқылы.
Оқырмандарға қызмет көрсету абонемент бойынша жүргізіледі. Кітапханаға жазылған кезде оқырмандар пайдалану ережелерімен танысып, оларды орындауға міндеттенетінін оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.
Оқырмандар жыл сайын 1 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін кітапханада қайта тіркеуден өтуі тиіс. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.
Университеттен шыққан (оқудан шығарылған, жұмыстан босатылған) жағдайда оқырмандар кітапханада тіркелген барлық басылымдарды қайтаруы қажет.
Оқырмандар кітапхананы пайдалану ережелерін сақтауы тиіс, яғни университет кітапханасына жазылу тәртібін, кітапхананың қорынан алынған кітаптар мен басқа басылымдарды пайдалану тәртібін, жыл сайынғы қайта тіркеу тәртібін, оқу залын және абонементті пайдалану тәртібін сақтауы қажет.
Кітапхананы пайдалану – тегін. Қосымша ақылы қызметтердің тізімі мен шектеулерді президент-ректор бекітеді.