«Бизнес және басқару» мектебі «Менің мамандығым – болашақ кәсібім» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Байқауға «Қаржы», «Менеджмент», «Есеп және аудит» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 1 курс студенттері қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша:
**1 орын** иеленді – орыс бөлімі, «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Бигазы Тамерлан және қазақ бөлімі, «Қаржы» мамандығының 1 курс студенті Ғалымбекұлы Мұрагер;
**2 орын** иеленді – орыс бөлімі, «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Кузнецова Альбина және қазақ бөлімі, «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Калмухамбетов Дамир;
**3 орын** иеленді – орыс бөлімі, «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті Беккалиева Інкара.
Аталған байқау негізінде 4 студенттің ең өзекті деп танылған эсселері анықталып, bilimger.kz және ziatker.kz сайттарында имидждік мақалалар ретінде жарияланды.