2024-2028 жылдарға арналған ДАМУ ЖОСПАРЫ
«Құқық» академиялық мектебі
АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Академиялық мектебінің мақсаты: болашақ мамандарға тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметтің кең спектріндегі практикалық дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру және жағдайларды құру. «Құқық» академиялық мектебінің даму жоспары Қайнар Академиясының Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орнының жалпы дамуының негізгі факторларын ескере отырып, мектептің инновациялық қызмет принциптерін енгізуден әлеуметтік маңызы бар кешенді әсерге қол жеткізуді көздейді.
Академиялық мектебінің міндеттері:
Көзқарас: «Құқық» академиялық мектебі білім беру-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу және халықаралық бағыттар бойынша жоғары мәдениет пен нәтижелілікке ие бәсекеге қабілетті, қозғалмалы, шығармашылық ұжым болуға ұмтылады.
Күтілетін нәтижелер: Академиялық үстемдікті қамтамасыз ету және дарынды жастар арасында оқуға деген бәсекеге қабілетті тартымдылықты арттыру.
КАФЕДРАНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №1. Бәсекеге қабілетті мамандар дайындау
Білім беру, ғылым мен өндірісті біріктіру негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №2. Ғылыми қызмет
Мектептің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және тиімділігін арттыру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №3. Халықаралық ынтымақтастық
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №4. Студенттердің тұлғасын қалыптастыру
4.1 Болашақ мамандардың көшбасшылық қасиеттерін, әлеуметтік-мәдени, адамгершілік-рухани және кәсіпкерлік құзыреттіліктерін дамыту.
4.2 Жоғары азаматтық жауапкершілігі, патриотизм сезімі және төзімділігі бар әлеуметтік бейімделген тұлғаны қалыптастыру.
4.3 Болашақ мамандарды кәсіпкерлік жобаларды әзірлеуге ықпал ететін құзыреттіліктермен қамту.
4.4 Табысқа бағдарланған көшбасшыны қалыптастыру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №5. Академиялық мектептің қызметін стратегиялық талдау
5.1. Мектептің білім сапасы диаграммасын құру.
5.2. Заманауи академиялық мектептің критерийлері.
5.3. Білім беру үдерісіндегі «әлсіз буындарды» анықтау.
5.4 Мақсатқа жету картасын әзірлеу.
5.5. Гуманитарлық және құқық мамандықтарының қысқа, орта және ұзақ мерзімді кадрлық қажеттіліктерін мониторингілеу, кадрлық резервтің лауазымдар тізімін анықтау, сонымен қатар кадрлық резерв талаптарына сай келетін ППС тізімін құру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №6. Студенттердің одан әрі жұмысқа орналасуы
6.1. Кәсіпорындар мен ұйымдармен тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналасу бойынша шарттарды жасасу.
6.2. Жұмыс берушілермен жұмысқа орналасу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу.
6.3 Кәсіби тәжірибенің барлық түрлерінің мазмұнын жетілдіру, кәсіби мансапты дамытуға ықпал ету, сонымен қатар жұмысқа орналасу және мансап мәселелері бойынша Жұмыс орталықтарымен ынтымақтастықты белсендіру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №7. Профессор-оқытушылар құрамы
7.1. Кафедра ППС құрамының біліктілігін арттыру:
— «Заңгер» үйірмесін құру;
— Әр ППС жылына кемінде 1 рет біліктілігін арттыру курсын (72 сағат) алуы;
— Штаттық ППС құрамының біліктілігін халықаралық бағдарламалар бойынша, ең алдымен Болонья үдерісіне қатысушы елдерде арттыру;
— Кафедра мүшелері арасында үштілділікті дамыту.
7.2. Білім беру қызметін дамыту:
— Оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіру: кафедра мамандықтары бойынша оқу құралдарын, видео дәрістерді, электрондық құралдарды әзірлеу;
— Студенттер мен магистранттардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған оқу-әдістемелік базаны әзірлеу;
— «Құқық қорғау қызметі», «Кәсіпкерлік құқық», «Мемлекеттік басқару» ББ бойынша электрондық курстарды әзірлеу.
7.3. Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту:
— Академиялық мектептің «Отанға оралу үдерісін мемлекеттік реттеу (теориялық-құқықтық зерттеу)», «Құқық пен процестің қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерін зерттеу» ғылыми тақырыбы бойынша бірлескен зерттеулерді дамыту;
— Магистранттар мен студенттердің ғылыми зерттеулерге қатысуын кеңейту;
— «Құқық қорғау қызметі», «Кәсіпкерлік құқық», «Мемлекеттік басқару» ББ бойынша ғылыми зерттеулерді дамыту.
7.4 Түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесін дамыту:
— Кәсіпорындар мен ұйымдармен тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналасу бойынша шарттарды жасасу;
— Алматы қаласының жұмыс берушілерімен жұмысқа орналасу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ №8. Материалдық-техникалық база
8.1 Кітапхана қорын және аудиториялар қорын жаңарту.
8.2 «Құқық қорғау қызметі» ББ бойынша виртуалды криминалистикалық зертханаларды ашу.
«Құқық» академиялық мектебінің отырысында қаралып, бекітілді
Хаттама № _6_ «_17_» ___01__ 2024 ж.