Академиялық мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы жақын және алыс шет елдерде өтетін түрлі семинарларға, симпозиумдарға, конференцияларға қатысады, Азаматтық қоғамды дамыту қорымен (CSDF) (Венгрия), EdNet Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Қырғызстанмен ынтымақтастық жасайды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдени мұра» – «Алматы облысының 1917-2006 жылдардағы тарихы мен мәдениеті» жобасына қатысты.
Қадірқұлова Г.Қ. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бірнеше рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталған.
2017 жылы «Бейбітшілік ғаламшары – Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды.