«Q» UNIVERSITY» основан в 1991 году, первый частный вуз в независимом Казахстане
г. Алматы, ул. Байзакова 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Международная научно-практическая конференция «Цифровая экономика и искусственный интеллект: синергия технологий и управленческих решений при использовании технологий дистанционного обучения»

2025 жылдың 18 сәуірінде Q-University «Бизнес және басқару» Академиялық мектебінің 2024-25 оқу жылының жоспарына сәйкес ұйымдастырған «Цифрлық экономика және жасанды интеллект: қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудағы технологиялар мен басқару шешімдерінің синергиясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Пікірталас алаңында Ресей, Өзбекстан және басқа да ТМД елдерінен ғалымдар мен докторанттар, аспиранттар қатысты.

Пленарлық отырыста экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰА академигі, Азимхан Абылхаирович Сатыбалдин, Ташкент мемлекеттік аграрлық  университетінің профессоры Гулямов Саидасрор Саидахмедович, Ресейден Қазан мемлекеттік  агротехникалық университетінен экономика ғылымдарының докторы, профессор Клычова Гузалия Салиховна, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті академиялық ғылым департаментінің директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Назарбек Ұлжалғас Бақытбекқызы, Астана қаласындағы «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, бизнес-реттеу департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ақынбекова Динара Нұрғалиқызы, «Ажур» тәуелсіз аудиторлық компаниясының директоры Джаманкараева Светлана Сатыбалдиевна және тағы басқа ғалымдар мен мамандар сөз сөйлеп, жасанды интеллект адамзат дамуына қатысты мәселелерге ерекше тоқталды.

Конференция жұмысы секциялар бойынша жалғасып, қортындыланды.