«Q» UNIVERSITY» основан в 1991 году, первый частный вуз в независимом Казахстане
г. Алматы, ​улица Байзакова 125, Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

«Q» UNIVERSITY-нің профссор оқытушылар құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, п.ғ.д. А.С. Амирова «Заманауи технологиялар: білім беруді цифрландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті семинары өтті.

28.02.2025 күні «Q» UNIVERSITY-нің профссор оқытушылар құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, п.ғ.д. А.С. Амирова «Заманауи технологиялар: білім беруді цифрландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті семинары өтті. Замануи технологияларды пайдалану мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінде, сондай-ақ оның еуропалық және әлемдік кеңістікке интеграциялану мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды. Қазіргі уақытта жоғары білім беру саласындағы жаһандық бәсекелестік, электрондық оқыту, гибридті білім беру технологияларын дамыту, жаппай ашық онлайн курстарды (жаок) кеңінен қолдану білім беруді қолжетімді етеді.

Мұның бәрі университеттегі білім мазмұнының өзгеруі студенттердің қалай оқуы және білім алу мүмкіндіктерін жаңа түсінікке әкеледі. Білім алушылар оқытушының белсенді қатысуымен өзара іс-қимыл жасай отырып, цифрлық ақпараттық білім беру ортасында дербес жұмыс істейді; — студенттер университет оқытушылары LMS Moodle, Open LMS, BigBlueButton, H5P платформасында орналастырған электрондық оқу курстарына тәулік бойы қолжеткізе алады, оларды кез келген уақытта және ғаламдық интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар кез келген жерде оқып, қайталай алады; — оқу нәтижелерін бағалау объективті бола бастайды, білімді бақылау кезінде қарым-қатынас кезіндегі психологиялық жүктеме азаяды; — дуальды оқу нысаны бойынша білім алушылардың күндізгі оқу нысаны студенттерімен бірдей көлемде білім алуға мүмкіндігі бар екендігін жіктеп айтып өтті.