Қамқоршылық кеңесі – Университеттің алқалық басқару органы болып табылады және дара басшылық пен алқалылық қағидаттарына сүйене отырып қызмет атқарады.
Қамқоршылық кеңесі Университет әкімшілігімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
Қамқоршылық кеңестің миссиясы – Университеттің тиімді жұмыс істеуіне және дамуына, «Q University» рөлінің білім беру және әлеуметтік саладағы артуына, материалдық-техникалық базаның жақсаруына, Университет қызметінің қаржылық қолдауына жәрдемдесу, аумақтық басқару органдарымен, мекемелермен, ұйымдармен/кәсіпорындармен неғұрлым тиімді өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.
Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
Қамқоршылық кеңестің құрамы – жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің, коммерциялық емес ұйымдардың (бар болса) және қайырымдылық жасаушылардың (бар болса) өкілдері қатарындағы жеке тұлғалардан қалыптастырылады. Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін өтеусіз негізде жүзеге асырады және жұмысын оқу жылына арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырады.
Қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілеттігі – Университеттің дамуына бағытталған шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, Университеттің Ғылыми кеңесі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарына қатысу, Университеттің басқа басқару органдарының жұмысына атсалысу мүмкіндігіне ие.
Қамқоршылық кеңестің отырыстары – оқу жылына арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі, офлайн не онлайн форматта. Қамқоршылық кеңес шешімдері отырысқа қатысушы кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.