«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Пікірлер

Сұрақ: Сәлеметсіз бе. Колледжден кейін қысқартылған оқу формасына түскенде, бізге колледжде «оқылмаған сағаттар/кредиттерді» оқып, төлеуге міндеттейді. Бұл заңды ма? Жазда қабылдау комиссиясында бізді ешкім бұл туралы ескерткен жоқ.

Жауап: Сәлеметсіз бе! Университетке түскен кезде, колледжде оқылған пәндер кафедраның шешімімен қайта есептеледі (қайта есептелетін пәндердің сағаттарының сәйкестігі міндетті шарт), ал егер колледжде оқылған пәндердің сағаттары аз болса, онда жетіспейтін сағаттарды толықтыру қажет.

Сұрақ: Қайырлы күн! Мен 2012 жылы Қайнар Университетінің түлегімін. Сіздің мұрағатыңызда біздің дипломдық жұмыстарымыз сақталған ба? Егер иә болса, оларды қалай көруге немесе көшірмесін алуға болады? Алдын ала жауабыңызға рахмет!

Жауап: Қайырлы күн! Бізге хабарласқаныңызға рахмет! «Q» университетінің мұрағатында түлектердің дипломдық жұмыстары сақталмайды, тек түлектердің жеке істері сақталады.