Біздің профессор-оқытушылар құрамының 90%-дан астамы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Сонымен қатар, Академиялық мектепте жыл сайын жоғары бағаланған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтеді, олар бакалавриат пен магистранттарға академиялық білім мен тәжірибе алмасуға белсенді қатысуға бірегей мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеулеріміздің нәтижелерін оқу үрдісіне кіріктіру оқытуды заманауи және өзекті етеді, оның ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатады және студенттердің білімді меңгеруге және оны болашақта қолдануға деген қызығушылығын оятады. Бұл тәсіл жас ұрпақты жобалық-зерттеу жұмыстары, ғылыми конференцияларда баяндамалар жасау, ғылыми жұмыстар конкурстарына қатысу, ғылыми журналдар мен мақалалар жинақтарында жариялау сияқты ғылыми қызметтің әртүрлі нысандарына белсенді түрде тартады.