СӘЙКЕСТІК – БАҚЫЛАУ 2023 жылдың қыркүйегінде құрылды және өз қызметін Ереже негізінде жүзеге асырады.
СӘЙКЕСТІК БАҚЫЛАУ қызметінің негізгі мақсаты Қоғам мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау болып табылады.
СӘЙКЕСТІК БАҚЫЛАУДЫҢ негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы нормативтік талаптар мен озық тәжірибелердің сақталуын қамтамасыз ету
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуін қамтамасыз ету;
Қоғамда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және бақылау құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүйесін тиімді енгізу;
комплаенс-бақылауды жүзеге асыру және Қоғамның қызметіне ішкі бақылауды ұйымдастыру;
комплаенс тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды, уақтылы анықтауды, бағалауды және басқаруды қамтамасыз ету және олар туралы ақпаратты Қоғам басшылығына жеткізу.
Сәйкестікті бақылау позициясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
2023-2024 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары