«Құқық» Академиялық мектебінің студенті Мурат Аян – Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың финалисі!
«Құқық» Академиялық мектебі қуаныш пен мақтаныш сезімімен ЮПД-24(4) тобының студенті Мурат Аянды тамаша жетістігімен құттықтайды.
Мурат А. қаржы қауіпсіздігі бойынша беделті Ұлттық олимпиаданың барлық кезеңдерін тамаша тапсырып, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсете отырып, финалға шықты!
Мурат А. осындай маңызды интеллектуалды байқауда біздің университетіміздің абыройын лайықты қорғады. Алматы облысы Экономикалық тергеу департаментінде өткен марапаттау рәсімінде оның қаржы қауіпсіздігі мәселелері бойынша терең білімі, тамаша дайындығы, талдаулық ойлау қабілетінің жоғары деңгейі мен шынайы қызығушылығы атап өтілді. Осы керемет қасиеттері мен олимпиаданың барлық сынақтарын сәтті тапсырғаны үшін Мурат А. ең үздік финалистердің бірі ретінде ұйымдастырушылардан Алғыс хатқа және 150 000 теңге сомасындағы ақшалай сыйлыққа ие болды.
Мурат Аянға жеткен жетістіктерде тоқтамай, қабілеттерін одан әрі дамытуды, білімнің жаңа шыңдарын бағуын, оқу мен болашақ мамандығында одан да зор табыстарға жетуін тілейміз!