Құрметті университетіміздің студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және қонақтары!
Сізді жеке блогыма қарсы алғаныма қуаныштымын! Бұл блог маңызды жаңалықтармен бөлісіп, университетіміздің жетістіктерін талқылап, білім мен ғылымда жаңа көкжиектер ашу үшін құрылды. Мұнда мен біздің жоспарларымыз, бастамаларымыз және алдымызда тұрған қиындықтар туралы айтамын, сонымен қатар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп, ұсыныстарыңызды қабылдаймын.
Біздің университет тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар идеяларды дамыту, шығармашылық және кәсіби өсу кеңістігі. Біз әрбір студент пен қызметкер өз әлеуетін жүзеге асыра алатын және жаңа биіктерге жете алатын ортаны құруға ұмтыламыз. Бұл блогта мен университетімізді бұдан да табысты және жаңашыл ету үшін бірлесе жұмыс істеу үшін сіздердің әрқайсысыңызбен ашық диалог құрғым келеді.
Бірлескен жұмысымыз үлкен жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын. Бізді алда көптеген қызықты жобалар күтіп тұр, мен баршаңызды университетіміздің өміріне белсене қатысуға, идеяларыңызбен бөлісуге және табысқа жету жолында бір-біріңізді қолдауға шақырамын.
Құрметпен,
«Q» университетінің ректоры
Жанегизова Айсұлу Сабирханқызы