Q University-де Ғылым күніне орай шеберлік сағаттары мен тренинг өтті Ғылым күні аясында «Q» University»-де студенттер мен оқытушыларға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Q University-де Ғылым күніне орай шеберлік сағаттары мен тренинг өтті Ғылым күні аясында «Q» University»-де студенттер мен оқытушыларға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Q University-де Ғылым күніне орай шеберлік сағаттары мен тренинг өтті
Ғылым күні аясында «Q» University»-де студенттер мен оқытушыларға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, «Қарым-қатынас мәдениеті. Эмпатия және белсенді тыңдау – табысты коммуникация негізі» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараны Алматы қаласындағы Білім беру және жаңа инновациялық технологиялар орталығының тренері Омаркулова Айжан Асылхановна жүргізді. Қатысушылар тиімді қарым-қатынас орнату, эмпатияны дамыту және белсенді тыңдау дағдыларын жетілдіру жолдарымен танысты.
Сондай-ақ, ««Тәжірибелік тақырыптар: көпшілік алдында сөйлеуге дағдыландыру арқылы қорқыныштардан айырылу» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренингті аталған орталықтың тренері Ұзақбаев Ерлан Ұзақбаевич өткізді. Қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, сенімділікті арттыру және аудиториямен байланыс орнату тәсілдерін меңгерді.
Аталған іс-шаралар білім алушылардың коммуникациялық құзыреттерін арттыруға және кәсіби дамуына ықпал етеді.
