Оқиғалар
"Q" University" студенттері Ғылым ордасының Сирек кездесетін кітаптар музейіне келіп, құнды қолжазбалар мен көне басылымдар қоймасымен танысты.
ByAdministrator•10/7/2025
Музей қорындағы құнды жәдігерлер жас буынға халқымыздың тарихы, мәдениеті және ғылым-білім жолындағы бай рухани мұрасынан мол мағлұмат берді.
Студенттер орта ғасырлық қолжазбаларды, көне карталарды, сирек басылған кітаптарды тамашалап, олардағы терең тарихи деректермен танысты.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері әр жәдігердің тарихы мен ғылыми маңыздылығына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кітап мәдениетінің осынау қазынасына саяхат жасаған жастар ерекше әсер алып, тарихи жадыны сақтаудың маңызын терең ұғынды.
Осындай танымдық шаралар болашақ мамандардың рухани дүниесін байытып қана қоймай, ұлт тарихына, ғылым мен мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, жаңа ізденістерге жол ашады.