Ғылым күні» апталығы
Ғылыми-әдістемелік интенсиві: технологиялар, практика, инновациялар» тақырыбындағы іс шаралар.
Академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен кездесу өтті
7 сәуір 2026 жылы университетте студенттермен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу шарттары, қатысу талаптары мен құжаттарды рәсімдеу тәртібі туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысу тәжірибесімен бөлісу мақсатында бұрын академиялық ұтқырлық аясында білім алған студенттердің пікірлері ұсынылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Аталған кездесу студенттердің халықаралық білім беру кеңістігіндегі мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың кәсіби дамуына ықпал етуді көздейді.
