Q University Logo
Бизнес және басқару

«Ғылыми басылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін тиімді пайдалану» ғылыми-әдістемелік семинары

«Бизнес және басқару» Академиялық мектебі 2026 жылдың 24 қарашасы күні «Ғылыми басылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін тиімді пайдалану» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

ByAdministrator11/25/2026

«Бизнес және басқару» Академиялық мектебі 2026 жылдың 24 қарашасы күні «Ғылыми басылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін тиімді пайдалану» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинарға магистранттар, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, ғылыми мақаланы жариялау және оны дайындауда зерттеу әдістерін қолдану мәселелері талқыланды.

Семинардың мақсаты: зерттеушілердің әдістемелік мәдениетін жақсарту, заманауи сандық және сапалық талдау әдістерін таңдау және қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ сараптамалық басылымдарға (Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілгендерді қоса алғанда) ғылыми мақалаларды дайындау дағдыларын жетілдіру.

Семинардың негізгі бағыттары:

  • Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес тиісті зерттеу әдістерін таңдау критерийлері;
  • Эмпирикалық деректерді жинау, өңдеу және визуализациялау үшін заманауи құралдарды қолдану;
  • Жоғары рейтингті ғылыми журналдарға қолжазбаларды дайындаудағы типтік әдіснамалық қателіктер және олардың алдын алу жолдары;
  • Зерттеу нәтижелерін ұсынудағы этикалық стандарттар мен сенімділік қағидаттары.

Семинар мақсаты мен оны шешу жолдарын талқылауға экономика ғылымдарының докторы, профессор Челекбай А. Д. және экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Анакулиева Г. А. қатысты. Баяндама жасаған экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бейсенбаева А. К. өз ой-пікірін жоғары деңгейде жеткізді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.