Q University Logo
Санатсыз

Ғылым күніне арналған «Q» University-де ғылыми-әдістемелік интенсив

Ғылым күніне арналған «Q» University-де ғылыми-әдістемелік интенсив

ByAdministrator4/2/2026

Құрметті әріптестер, оқытушылар және студенттер!

 

2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында «Q» University-де Ғылым күніне орай «Ғылыми-әдістемелік интенсив: «Технологиялар, тәжірибе, инновациялар» тақырыбында іс-шара өтеді.

 

Интенсив аясында ғылыми семинарлар, шеберлік сабақтары, тренингтер, көрмелер, сондай-ақ халықаралық ғылыми конгресті қамтитын мазмұнды әрі ауқымды бағдарлама жоспарланған. Интенсив оқытушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, озық тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

 

Интенсив бағдарламасында:

          •        «Білім беруді цифрландыру» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік әдебиеттер көрмесі;

          •        оқытушының жеке брендингі және заманауи білім беру парадигмалары бойынша семинарлар;

          •        тиімді коммуникация және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері жайында студенттермен кездесу;

          •        тәжірибеге бағытталған дағдыларды дамыту және көпшілік алдында сөйлеу бойынша тренингтер;

          •        тәжірибе алмасу, кәсіби диалог және нетворкинг алаңдары;

          •        бизнес пен тәуекелдерді басқаруда жасанды интеллектті қолдануға арналған халықаралық ғылыми конгресс.

 

Интенсив қорытынды конференциямен аяқталып, нәтижелер қорытындыланып, үздік оқытушылар салтанатты түрде марапатталады.

 

📍 Өтетін орны: «Q» University

📅 Күні: 2026 жылғы 6–10 сәуір

 

Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

Бағдарламаға сілтеме: ____________________________