Дөңгелек үстел тақырыбы: «Мемлекеттік шекараны цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалана отырып мемлекеттік шекараны қорғау».
Дөңгелек үстел тақырыбы: «Мемлекеттік шекараны цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалана отырып мемлекеттік шекараны қорғау».
2026 жылғы 27 ақпанда «Құқық» академиялық мектебі «Мемлекеттік шекараны цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалана отырып мемлекеттік шекараны қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Оқиғаға «Құқық» мамандығының студенттері мен Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2–3 курс курсантары қатысты. Ұйымдастырушылар мен жетекшілер ретінде мектептің аға оқытушылары Ашимбаев Д.А., Мадзигон А.О., Танибергенова Р.К. қатысты.
Талқылау барысында мемлекеттік шекараны цифрландыру заңсыз миграцияның өсуі, шекарааралық қылмыс және киберқатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық маңызды бағыты болып табылатындығы атап өтілді.
Дөңгелек үстел барысында жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік шекараны күзетуде қолданудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. ЖИ бейнебақылауды талдау, биометриялық сәйкестендіру және тәуекелдерді болжау үшін қолданылатындығы, бұл мемлекеттік шекарада бақылауды тиімділігін арттыратыны айтылды.
Шара қорытындысында қатысушылар мен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті: «Құқық» мамандығының 2 курс студенті Айтмолда Амина «Мәселеге ең жақсы сын тұрғысынан қарау» номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталды; Сәрсенбай Әділет «Қорытындылардың практикалық бағыттылығы» номинациясында алғыс хатқа ие болды. Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ашимбаев Д.А.
Ұйымдастырушылар қатысушыларға алғысын білдіріп, оқушылардың одан әрі табысы мен кәсіби өсуіне сенім артты.
