«Q» University студенттері Ферғана мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлықты бастады.
«Q» University студенттері Ферғана мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлықты бастады.
«Q» University студенттері Ферғана мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлықты бастады.
2026 жылдың 2 ақпанынан бастап "Q" университетінің 8 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ферғана мемлекеттік университетінде оқуға кірісті.
Бағдарламаға
* Құқық,
* Ақпараттық технологиялар және қызметтер,
* Бизнес және басқару академиялық мектептерінің студенттері қатысты.
Делегацияны Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Д. Кариев, "Құқық" академиялық мектебінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ибраев Н.С. бастап барды.
2026 жылдың 2 ақпанда «Q» University делегациясы Ферғана мемлекеттік университетінің Халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Базарбаева Азизамен кездесу өткізді. Тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламасының егжей-тегжейін, оқу шарттарын және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
2026 жылдың көктемгі семестрінде студенттер өз мамандықтары бойынша пәндерді игере отырып, Өзбекстанның мәдениеті және академиялық ортасымен танысып, Ферғана қаласында білім алады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге, мәдениетаралық құзыреттерді дамытуға және аймақтағы жетекші университеттерімен әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған "Q" University интернационалдандыру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.
Студенттерімізге сәтті семестр, жарқын әсер және жаңа пайдалы таныстықтар тілейміз!
Студенты «Q» University начали академическую мобильность в Ферганском государственном университете
С 2 февраля 2026 года 8 студентов «Q» University приступили к обучению в Ферганском государственном университете в рамках программы академической мобильности.
Участниками программы стали студенты академических школ:
• Право,
• Информационные технологии и услуги,
• Бизнес и управление.
Делегацию сопровождают:
• директор Департамента науки и международного сотрудничества Кариев А.Д.,
• ассоциированный профессор Академической школы, кандидат юридических наук «Право» Ибраев Н.С.
2 февраля 2026 года делегация «Q» University провела встречу с проректором по международным связям Ферганского государственного университета Базарбаевой Азизой. Стороны обсудили детали программы обмена, условия обучения и перспективы дальнейшего сотрудничества между вузами.
В течение весеннего семестра 2026 года студенты будут проходить обучение в Фергане, изучая дисциплины по своим специальностям, знакомясь с академической средой и культурой Узбекистана.
Программа академической мобильности — важная часть стратегии интернационализации «Q» University, направленная на расширение горизонтов студентов, развитие межкультурных компетенций и укрепление партнёрских связей с ведущими университетами региона.
Мы желаем нашим студентам успешного семестра, ярких впечатлений и новых полезных знакомств!
«Q» University Students Begin Academic Mobility at Fergana State University
On February 2, 2026, eight students from Q University commenced their studies at Fergana State University as part of the academic mobility program.
Participants in the program include students from the following academic schools:
· Law
· Information Technology and Services
· Business and Management
The delegation is accompanied by:
A.D. Kariyev, Director of the Department of Science and International Cooperation
N.S. Ibraev, Associate Professor of the Academic School of Law, Candidate of Law Sciences
On February 2, 2026, the Q University delegation held a meeting with Aziza Bazarbayeva, Vice-Rector for International Relations at Fergana State University. The parties discussed the details of the exchange program, study conditions, and prospects for further cooperation between the universities.
During the Spring semester of 2026, the students will study in Fergana, taking courses in their respective fields, familiarizing themselves with the academic environment, and experiencing the culture of Uzbekistan.
The academic mobility program is an important part of Q University’s internationalization strategy, aimed at broadening students’ horizons, developing intercultural competencies, and strengthening partnerships with leading universities in the region.
We wish our students a successful semester, memorable experiences, and valuable new connections!
