«Q University» студенттері «Шәрбану әлеміне – 90 жыл» еске алу кешіне қатысты
«Q University» студенттері «Шәрбану әлеміне – 90 жыл» еске алу кешіне қатысты
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Құмарованың туғанына 90 жыл толуына арналған «Шәрбану әлеміне – 90 жыл» атты еске алу кеші өтті.
Мәдени-рухани іс-шараға Q University Академиялық «Психология және журналистика» мектебінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері қатысты.
Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен әдеби мұрасы туралы мазмұнды ой-пікірлер айтылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, журналистер, әдебиеттанушылар, әдебиетсүйер қауым және студент жастар қатысты.
Болашақ журналистер үшін мұндай тағылымды кездесулердің кәсіби маңызы зор. Студенттер әдеби-мәдени орта өкілдерімен жүздесіп, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасымен тереңірек танысуға, сондай-ақ журналистика саласындағы кәсіби дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Осындай мәдени іс-шараларға қатысу студенттердің ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және кәсіби дамуына ықпал етеді.
