Q University-де Вьетнамның Қаржы және маркетинг университетімен кездесу өтті
Q University-де Вьетнамның Қаржы және маркетинг университетімен кездесу өтті
2026 жылғы 23 қыркүйекте Q University-де Вьетнамның Қаржы және маркетинг университетінің (University of Finance – Marketing, UFM) Ректоры, профессор Фам Тиен Дат бастаған делегациямен мазмұнды кездесу өтті.
Вьетнам бүгінде экономикалық даму қарқыны, ашықтығы және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуымен ерекшеленетін елдердің бірі. Осы бағытта екі университет арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында Q University проректорының, профессорлық-оқытушылық құрамының, оның ішінде «Бизнес және басқару» академиялық мектебі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды.
Кездесу соңында Q University мен University of Finance – Marketing арасында ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.
Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын дамыту, бірлескен ғылыми конференциялар мен халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және оқытушылардың халықаралық алаңдарда тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау мәселелері бойынша ортақ мүдделерін білдірді.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, екі университет арасындағы жаңа серіктестіктің басталуына жол ашты. Бұл ынтымақтастық Q University-дің халықаралық байланыстарын кеңейтіп, академиялық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
