БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ 2025 жылғы 05 қараша
«Q» UNIVERSITY МЕКЕМЕСІ 2025–2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс жариялайды
«Q» UNIVERSITY МЕКЕМЕСІ
2025–2026 оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар университет ректорының атына өтініш (нысан бойынша) және қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде (қоса алғанда) тапсырады.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 125, 402-кабинет.
Қосымша ақпаратты мына байланыс құралдары арқылы алуға болады:
тел./факс: 8 (727) 225 59 99, e-mail: janadilova.g@q.edu.kz
Профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына конкурсқа жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, “Q” University профессорлық-оқытушылық құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
Жаңа үміткерлер өтінішке төмендегі құжаттарды қоса тапсырады:
1. Жеке куәліктің көшірмесі;
2. Резюме (нысан бойынша); (жүктеу)
3. Өмірбаян;
4. Жеке кадрлық есеп парағы және фото (3х4);
5. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және түпнұсқалары (салыстыру үшін);
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген №075 нысанындағы медициналық анықтама;
7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттен Egov.kz арқылы алынған, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан Egov.kz арқылы алынған, есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
9. Психоневрологиялық ұйымнан Egov.kz арқылы алынған, есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
10. Ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (бар болса); (жүктеу)
11. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және түпнұсқалары (салыстыру үшін);
Қолданыстағы үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
Ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (бар болса); (жүктеу)
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және түпнұсқалары (салыстыру үшін).
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі мен кәсіби деңгейін айқындайтын қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс хаттар), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған өтініштер мен конкурс құжаттары қаралмайды.
Танысу үшін:
“Q” University мекемесінің профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарын конкурс арқылы алмастыру қағидалары.
Профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби біліктілік стандарты.
Академиялық мектептер бойынша бос лауазымдардың тізімі
Академиялық мектеп
Вакансиялар
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Жалпы білім беру пәндері
ü Қауымдастырылған профессор (доцент) – 2 бірлік
ü Аға оқытушы – 1 бірлік
«Профессор» лауазымына
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар және (немесе) доцент немесе профессор ғылыми атағы бар тұлғалар тағайындалады. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
«Қауымдастырылған профессор (доцент)» лауазымына
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе PhD докторы, бейіні бойынша доктор дәрежесі және доцент (ассоциирленген профессор) ғылыми атағы бар, ғылыми-педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл тұлғалар тағайындалады.
«Аға оқытушы» лауазымына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, бейіні бойынша магистр дәрежесі және ассистент ретінде немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3–5 жыл тұлғалар тағайындалады.
Психология және журналистика
ü Академиялық мектеп басшысы – 1 бірлік
ü Профессор – 1 бірлік
ü Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік
ü Аға оқытушы – 1 бірлік.
Бизнес және басқару
ü Академиялық мектеп басшысы – 1 бірлік
ü Профессор – 1 бірлік
ü Қауымдастырылған профессор (доцент) – 4 бірлік
ü Аға оқытушы – 1 бірлік
Құқық
ü Қауымдастырылған профессор (доцент) – 4 бірлік
ü Аға оқытушы – 2 бірлік
IT және қызмет көрсету
ü Академиялық мектеп басшысы – 1 бірлік
ü Профессор – 2 бірлік
ü Қауымдастырылған профессор (доцент) – 3 бірлік
ü Аға оқытушы – 4 бірлік.
Конкурстың күні, өтетін орны мен форматы туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
Құжаттар мынадай тәсілдермен қабылданады:
– тікелей қолма-қол;
– пошта арқылы;
– немесе сканерленген түрде электрондық поштаға: janadilova.g@q.edu.kz
(жұмыс күндері: 9:00-ден 18:00-ге дейін).
Сіз көрсеткен қызығушылық үшін алғыс білдіреміз!
Құрметпен, HR кеңсесі
