ПРЕСС-РЕЛИЗ
Q University студенттері республикалық «AI SANA – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» конкурсында жеңімпаз атанды
Q University студенттері республикалық «AI SANA – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» конкурсында жеңімпаз атанды
2026 жылғы 31 наурызда Жетісу университеті базасында Қазақстан жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында өткен «AI SANA – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» республикалық конкурсы өз мәресіне жетті.
Аталған іс-шара Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамасымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан 2024 жылы қолға алынған AI SANA мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама еліміздің цифрлық трансформациясын дамытуға және студенттердің жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған.
Сонымен қатар, 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануына байланысты өткізілген бұл конкурс білім алушылардың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға ерекше серпін берді.
Аталған байқауға Q University атынан қатысқан Learn twin AI командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, «Білім беру мен ғылым саласындағы ең үздік ЖИ жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бұл жетістік университет студенттерінің жасанды интеллект бағытындағы ғылыми ізденістерінің жоғары деңгейін және олардың цифрлық болашақты қалыптастыруға қосып отырған нақты үлесін көрсетеді.
