Q University Logo
Құқық

Студенттердің «Институционалдық реформалар мен жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: комплаенс, заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» атты VI жыл сайынғы халықаралық конференцияға қатысуы

Студенттердің «Институционалдық реформалар мен жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: комплаенс, заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» атты VI жыл сайынғы халықаралық конференцияға қатысуы

ByAdministrator3/3/2026

2026 жылғы 27 ақпанда 6В042 «Құқық» білім беру бағдарламасының 2 және 4 курс студенттері AlmaU — Алматы Менеджмент Университеті базасында өткен «Институционалдық реформалар мен жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: комплаенс, заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» атты VI жыл сайынғы халықаралық конференция жұмысына қатысты.

Конференцияның мақсаты институционалдық реформалар мен жаһандану үдерістері жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тетіктерін жан-жақты талдау, сондай-ақ комплаенс-жүйелерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу болды.

Баяндамалар мен бастамашылық ұсыныстармен 4 курс студенттері: Алимжанов Ильяр, Асанов Алибек, Вагнер Виктория, Аубакирова Камиля; 2 курс студенттері: Али Алия, Нұрқасым Ерасыл, Әбдімәлік Олжас, Бақкелді Арнұр сөз сөйледі. Ғылыми жетекші — заң ғылымдарының кандидаты, «Құқық» академиялық мектебінің доценті Самолдыкова Зауре Максутовна.

Баяндамалар қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ғылыми жетекші Самолдыкова З.М.-ға ғылыми жетекшіліктің жоғары деңгейі және баяндамашыларды сапалы дайындағаны үшін алғыс білдірілді.

Қорытындысында ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің құқықтық мәдениет пен кәсіби жауапкершілікті қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтіп, әзірленген ұсыныстардың практикалық іске асырылып, тиімді әрі ашық басқару жүйесін дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.