Студенттердің «БЕС ҚАРУ» әскери-спорттық және оқу-ғылыми биатлонына қатысуы
Студенттердің «БЕС ҚАРУ» әскери-спорттық және оқу-ғылыми биатлонына қатысуы
2026 жылғы 2 мамырда 6В042 «Құқық» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясынің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «БЕС ҚАРУ» әскери-спорттық және оқу-ғылыми биатлонына қатысты. Іс-шараны Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.
Мустафаев Ахметке, Жанұзақов Мирасқа, Өмірбай Алдиярға, Баққелді Арнурға, Нүртілеу Сержанға, Сүттібаев Сержанға, Орынтай Мирасқа, Сапарбай Нұрсұлтанға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар табысталды.
«Құқық» академиялық мектебі сіздерді жарыстағы сәтті өнер көрсетулеріңізбен және лайықты қатысуларыңызбен құттықтайды. Сіздердің табандылықтарыңыз, командалық рухтарыңыз және жеңіске деген ұмтылыстарыңыз – мінездің мықтылығы мен спортқа деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сіздерге жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және алдағы жеңістер тілейміз!
