Q University Logo
Құқық

«Құқық» академиялық мектебі оқытушысының «Құқық негіздері» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы

«Құқық» академиялық мектебі оқытушысының «Құқық негіздері» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы

ByAdministrator5/18/2026

«Құқық» академиялық мектебі «Q» University-дің оң имиджін нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл ретте профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-білім беру және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударылады.

Осылайша, заң ғылымдарының магистрі, мектептің аға оқытушысы Жұмаева Мария Советовна 2026 жылғы 9–13 сәуір аралығында 10–11 (12) сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша IV Рреспубликалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Атап айтқанда, ол «Құқық негіздері» пәні бойынша төрелік етті. Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ұйымдастырылып, Шымкент қаласында өтті.

Олимпиаданың өткізілуі «Құқық негіздері» пәнінің дарынды оқушыларды анықтаудың, олардың құқықтық мәдениетін дамытудың және құқықтық пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттырудың тиімді құралы ретіндегі жоғары маңызын растады.

Профессор-оқытушылар құрамының осындай іс-шараларға қатысуы жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін дамытуға және құқық пен мемлекеттік институттарға деген құрметті нығайтуға ықпал етеді.