«Заңды білу — қауіпсіз болашақтың кепілі» іс-шарасын өткізу туралы «Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында
«Заңды білу — қауіпсіз болашақтың кепілі» іс-шарасын өткізу туралы «Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында
«Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қарасай ауданы О. Исаев атындағы орта мектепте «Заңды білу — қауіпсіз болашақтың кепілі» тақырыбында профилактикалық және кәсіби бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға «Q» University» академиялық «Құқық» мектебінің оқытушылары — заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сатанова Л. М. және заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Шалабаева Ж. С. қатысты.
Іс-шараның мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Аға оқытушы Шалабаева Ж. С. «Буллинг пен дропперліктің ұғымы және түрлері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында буллинг пен дропперліктің ұғымдары мен түрлері, олардың салдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында оқушылар киберқауіптерден қорғану тәсілдері, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, сондай-ақ буллинг фактілеріне немесе күмәнді қаржылық операцияларға қатысу жөніндегі ұсыныстарға тап болған жағдайда әрекет ету алгоритмдері туралы белсенді түрде сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жан-жақты әрі кәсіби жауаптар берілді.
Профилактикалық дәріспен қатар, «Q» University» академиялық «Құқық» мектебінің оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмысын да жүргізді. Оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау шарттары және университетте білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
