2025 жылғы 25 қараша күні сағат 12:00-де конференц-залда «MPIC Орталық Азия» ЖШС ұйымдастырған академиялық бағдарлама аясындағы ашық қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараға компанияның топ-менеджерлері қатысты: Атқарушы директор Куатбекова Зауре Базылқызы, дирекция директорлары Ерназаров Мендибек Смағұлұлы және Атибеева Бану Маратовна. Дәріс «Жеке және мүліктік сақтандыру» тақырыбына арналды.
Іс-шараға компанияның топ-менеджерлері қатысты: Атқарушы директор Куатбекова Зауре Базылқызы, дирекция директорлары Ерназаров Мендибек Смағұлұлы және Атибеева Бану Маратовна. Дәріс «Жеке және мүліктік сақтандыру» тақырыбына арналды. Сақтандыру саласының жетекші сарапшылары практикалық тәжірибелерімен және кәсіби инсайттарымен бөлісіп, қаржылық қорғаудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық өмірдің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Әсіресе күтпеген жағдайлар орын алмай тұрып сақтандыру және жинақтау өнімдерін алдын ала қарастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Лекция форматы студенттер мен әріптестерге нақты сектор өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға, сақтандырудың практикалық қырларын тереңірек түсінуге және академиялық орта мен бизнес-практика арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Дәріс соңында қатысушылар сақтандыру нарығының жұмыс істеуі, өнімдердің ерекшеліктері және қаржылық қорғау тетіктері туралы сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.
