2025 жылғы 21 ақпанда «Q UNIVERSITY» университетінің «Бизнес және басқару» Академиялық комитетінде «Кәсіби білім беруде бизнес пен университеттердің өзара әрекеттестігі: жаңа трендтер» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қазіргі замандағы бизнесті білікті мамандарсыз елестету мүмкін емес – дәл осы кадрлар инновациялық идеяларды іске асырудағы негізгі ресурс болып табылады. Дөңгелек үстел барысында қазақстандық білім беру саласындағы өзекті өзгерістер, туындайтын мәселелердің себептері, сондай-ақ студенттер мен университет серіктестері алдында тұрған міндеттер талқыланды.
Жиынды аша отырып, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Q UNIVERSITY» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі А.А. Сатыбалдин кәсіби білім беру сапасын арттыру үшін университеттер мен бизнес қауымдастығы арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.
ZOOM форматында өткен дөңгелек үстелдің спикерлері:
- Динара Нұрғалиевна Ақынбекова – э.ғ.к., ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» Бизнес реттеу департаментінің директоры, басқарушы директор;
- Татьяна Брониславовна Климова – Ресей, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік басқару университетінің қызмет көрсету маркетингі және бренд-менеджмент кафедрасының доценті;
- Гүзалия Салиховна Қлычова – э.ғ.д., профессор, Қазан мемлекеттік аграрлық университеті Экономика институтының бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі (Ресей, Қазан қаласы).
Дөңгелек үстел аясында «Бизнес және басқару» білім беру стандарттары мектебінің жетекшісі Н.Е. Дабылтаева 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының мазмұны мен элективті пәндер каталогын қамтитын талдауын ұсынды.
Білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері мен болашағын талқылауға қатысқандар:
- И.В. Богомазова – Ресейдегі Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі;
- М.А. Отошова – «Allies Distribution» компаниясының бас директоры;
- Б.Р. Қазиев – заңды тұлғалар бөлімі басшысы;
- Т.Н. Көмекбай – «Фридом Банк Қазақстан» АҚ бөлімше басшысы;
- сондай-ақ жұмыс берушілер, серіктес жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Бизнес және басқару» академиялық мектебінің білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
Іс-шараны «Q UNIVERSITY» университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, э.ғ.к. Р.М. Рузанов қорытындылап, қатысушыларға конструктивті диалог пен құнды ұсыныстары үшін алғыс айтты.