Оқиғалар
2025 жылдың 12 ақпанында Д. А. Қонаев атындағы университет ұйымдастырған «ANTIKOR QUIZZ-2025» командалық интеллектуалдық ойынында 6В04201 – «Құқықтану: құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері — Болатқызы Шұғыла, Серікова Жансая, Айтмолда Амина, Сәрсенбай Әділет және Атығаев Абылайхан жүлделі 2-орынды иеленді.
ByAdministrator•2/12/2025
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту болды. Біздің студенттер жоғары деңгейдегі білімін, логикалық ойлау қабілетін және командалық бірлігін көрсете отырып, тамаша нәтиже мен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісін танытты.