Q University Logo
Оқиғалар

2024 жылдың 13 желтоқсанында маңызды ғылыми шара – «Психология және журналистика» академиялық мектебінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ByAdministrator1/13/2025

Конференция «ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҚ ДАМУЫ» тақырыбында ұйымдастырылып, оның басты мақсаты психология саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту болды.

Шараға Түркия, Германия, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші ғалымдары қатысты. Пленарлық отырыстан кейін конференция өз жұмысын үш секцияда жалғастырды.

Конференцияға 200-ден астам ғылыми мақала қабылданып, олардың негізінде «ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҚ ДАМУЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалалар жинағы жарық көрді.