2026 жылдың 17 сәуірінде Q University «IT және қызметтер» академиялық мектебінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи цифрлық инженерлік шешімдермен таныстыру мақсатында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Қонақ дәрісті Сансызбай Қанибек Мұратбекұлы — философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), профессор-зерттеуші, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті өткізді.
Дәріс тақырыбы: «Кеңейтілген интеллектуалды басқару функциялары бар модульдік архитектуралы KZ-МПЦ-МА ұлттық микропроцессорлық орталықтандыру жүйесінің алгоритмін әзірлеу»
Дәріс барысында ұлттық микропроцессорлық орталықтандыру жүйелерін әзірлеудің ғылыми-техникалық негіздері, модульдік архитектураның артықшылықтары және теміржол инфрақұрылымындағы интеллектуалды басқару жүйелерінің даму бағыттары жан-жақты қарастырылды.
Іс-шараға IT, логистика және қаржы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында мазмұнды сұрақ-жауап алмасу өтті.
Қонақ дәріске Академиялық мектеп жетекшісі Шуренов Марат Кенжалиевич, сондай-ақ техника ғылымдарының кандидаттары Муханова А.М. және Ибраев М.С. қатысып, ғылыми-кәсіби пікір алмасуға белсенді атсалысты.
Кездесу қорытындысында Академиялық мектеп жетекшісі Шуренов Марат Кенжалиевич қонақ дәріскерге мазмұнды дәрісі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті 🤝