Қырғызстан Халықаралық университетіне іс-сапары
Қырғызстан Халықаралық университетіне іс-сапары
«Q» University» Ғылым және ынтымақтастық департаментінің директоры А.Д. Кариев, 2026 жылғы 19-22 мамыр аралығында, Қырғызстан Халықаралық университетіне іс-сапармен барып қайтты.
Сапар аясында, 20-21 мамыр күндері «Егемендік, қауіпсіздік, тұрақтылық: белгісіз болашақ, үрейге толы бүгінгі күн. Қоғам мен ғылым үшін төнген сын-қатерлер» атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына белсене араласты.
Алқалы жиынға Польша, Латвия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және басқа да елдердің белгілі ғалымдары мен сарапшылары жиналды. Пленарлық және секциялық отырыстарында бүгінгі қоғам, ғылым мен білім беру саласы алдында тұрған ең өзекті де өткір мәселелер ортаға салынды.
Конференцияға қатысушылар әсіресе мынадай маңызды бағыттарға басымдық берді:
• геосаяси тұрақсыздықтың ғылым мен білімнің болашағына тигізер әсері;
• жаңа әлемдік жүйе қалыптасып жатқан тұстағы мемлекеттік егемендік мәселелері;
• цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік;
• тұрақтылықты сақтау мен жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудегі зиялы қауым мен ғалымдардың рөлі.
Адлет Кариев тек конференциямен шектелмей, Қырғызстан Халықаралық университетінің басшылығымен арнайы кездесу өткізді. Басқосуда екіжақты байланысты нығайту, соның ішінде бірлескен ғылыми жобаларды қолға алу және білім ордалары арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру жолдары талқыланды.
Бұл жұмыс сапары халықаралық әріптестікті нығайтып, ғылыми тәжірибе алмасуға және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға зор серпін берді.
