Q University Logo
Бизнес және басқару

«Бизнес және басқару» Академиялық мектеп студенттері «Ұлттық валюта және қаржылық сауаттылық» семинарына қатысты

2026 жылғы 05 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валюта және қаржылық сауаттылық» атты танымдық семинар өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және «KMF-Демеу» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

ByAdministrator11/5/2026

Іс-шараға Q University студенттері қатысты. Білім алушылар үшін Ұлттық музей залдарына экскурсия ұйымдастырылып, еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық егемендігінің нышаны саналатын ұлттық валюта — теңгенің қалыптасу тарихына арналған тақырыптық дәріс өткізілді.

Семинар аясында «KMF-Демеу» сарапшылары қаржылық сауаттылық бойынша интерактивті дәріс өткізді. Спикерлер:

  • Ұлы Жібек жолы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі ақша айналымының тарихы;
  • жеке бюджетті қалыптастыру қағидалары;
  • шығыстарды бөлудің кең таралған әдістері;
  • қаражат жинақтау, инвестициялау және қаржылық алаяқтықтан қорғану бойынша пайдалы кеңестер туралы баяндады.

Семинар еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, практикалық кейстерді талқылады.

Осындай іс-шараларға қатысу жастардың қаржылық мәдениетін арттыруға, жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға және ұлттық валютаның тарихы туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.