Q University мен «KTZ Express» АҚ «KTZE Южный» филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Q University мен «KTZ Express» АҚ «KTZE Южный» филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
2026 жылғы 30 наурызда Q University және Филиал АО «KTZ Express» – «KTZE Южный» арасында көлік логистикасы және мультимодальды тасымал саласында өзара тиімді әріптестікті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«KTZ Express» АҚ «KTZE Южный» филиалы Қазақстандағы мультимодальды тасымал саласындағы жетекші ұйымдардың бірі болып табылады және халықаралық көлік дәліздері бойынша тиімді логистикалық шешімдерді жүзеге асыратын еліміздегі №1 компаниялардың қатарында саналады.
Меморандум аясында келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жүзеге асырылатын болады:
студенттердің өндірістік және дипломалды тәжірибелерін ұйымдастыру;
сала мамандарының қатысуымен қонақ дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізу;
бірлескен ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды іске асыру;
білім беру процесіне заманауи логистикалық технологияларды енгізу;
көлік-логистика саласы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету.
Q University ректоры меморандумның маңыздылығын атап өтіп:
«Бұл әріптестік студенттердің практикалық даярлығын жаңа деңгейге көтеруге және көлік логистикасы саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайту – сапалы білім берудің маңызды факторы», – деді.
Өз кезегінде «KTZ Express» АҚ «KTZE Южный» филиалының директоры:
«Біз жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту арқылы көлік-логистика саласына қажетті білікті кадрларды даярлауға үлес қосуды маңызды стратегиялық бағыттардың бірі ретінде қарастырамыз», – деп атап өтті.
Бұл меморандум білім беру мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты нығайтып, студенттердің тәжірибеге бағытталған даярлығын арттыруға және көлік-логистика саласының кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
