Q University Logo
Құқық

«Құқық» академиялық мектебінің профессор-оқытушылар құрамының Қазақстан бизнес-омбудсмені институтының өкілдерімен кездесуі!

«Құқық» академиялық мектебінің профессор-оқытушылар құрамының Қазақстан бизнес-омбудсмені институтының өкілдерімен кездесуі!

ByAdministrator9/24/2026

Ынтымақтастық туралы Меморандум аясында «Құқық» академиялық мектебінің профессор-оқытушылар құрамының Қазақстан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің кеңесшісі Сафарауль Йылмазбен және Қазақстан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің Алматы қаласы бойынша өңірлік өкілі (бизнес-омбудсмен) Беймбет Еркебұланмен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар “Q” University жанындағы заң клиникасының қызметін, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары мен ықтимал форматтарын, заңгерлік практикадағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ университеттік ортада құқықтық консультацияларын көрсету бағытындағы Mama Pro жобасын іске асыру тәжірибесін талқылады.

Кездесуде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, студенттермен, магистранттармен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер ұйымдастыруға, ғылыми жарияланымдар дайындауға және практикалық тәжірибе алмасу бастамаларына ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық әрі пікір алмасу атмосферасында өтті. Қол жеткізілген уағдаластықтар практикаға бағдарланған заң білімін дамытуға және одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.