Оқиғалар
«Цифрлық дәуірдегі құқықтану»
ByAdministrator•2/29/2024
2024 жылғы 29 ақпанда «Q» University Құқық мектебінде «Цифрлық дәуірдегі құқықтану» тақырыбында Ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Әлемдік қауіпсіз интернет күніне арналған болатын. Конференция қатысушылары цифрлық құқық, желідегі қауіпсіздіктің құқықтық аспектілері, жеке деректерді қорғау және ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты жаңа қиындықтар мәселелерін талқылады. Конференция ғалымдар, оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, цифрлық ортадағы құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған практикалық ұсыныстар қалыптастырды.