ЗАН КЛИНИКАСЫ
Халыққа тегін заңгерлік кеңес
Құрметті Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындары!
«Q» University қабырғасында Заң клиникасы жұмысын жалғастыратынын хабарлаймыз.
Біздің мақсатымыз – қажеттілігі бар адамдарға тегін білікті заңдық көмек көрсету, сондай-ақ болашақ заңгерлерге тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Біз кімге көмек көрсетеміз?
· Төмен табысты және әлеуметтік қорғансыз азаматтарға.
· Зейнеткерлер мен ардагерлерге.
· Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға.
· Бейкоммерциялық ұйымдарға және қайырымдылық қорларға.
Біз қандай қызметтерді ТЕГІН көрсетеміз?
· Заңдық мәселелердің кең спектрі бойынша кеңес беру (азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, еңбек құқығы, тұтынушылардың құқықтары).
· Құжаттарды құруға көмек: талап хаттары, шағымдар, өтініштер, ресми өтінімдер, шарттар.
· Сіздің жағдайыңызды заңды талдау және оны шешудің ықтимал жолдарын түсіндіру.
· Нысандар мен бланктерді толтыруға көмек.
Маңызды ақпарат:
1. Заңгерлің кеңес адвокат лицензиясы бар тәжірибелі оқытушылар, заңгерлік кеңесшілер палатасының мүшелері, «Құқық» бағытының жоғары курс студенттері көрсетеді.
2. Клиника қылмыстық істер бойынша көмек көрсетпейді және өкіл ретінде сотта іс жүргізбейді.
3. Қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
4. Барлық кеңестер құпия сақталады.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма (уақытты 87017402398, 87011452164, 87772989704, 87085553070 телефондары бойынша нақтылаңыз)
Мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Байзақов көш., 125/185 (Айтеке би көш. жағынан кіру). 807-кабинет
Құқықтық мәселеңізбен жалғыз қалмаңыз! Бізге хабарласыңыз, біз сізге көмектесуге тырысамыз.
