Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесіне студенттердің таныстыру сапары
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №10 мекемесіне студенттердің таныстыру сапары
6В042 «Құқық» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында 2-курс студенттері үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №10 мекемесіне (бұдан әрі — Мекеме) таныстыру сапары мен шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.
2026 жылғы 4 наурызда заң ғылымдарының кандидаты, профессор Е.А. Умурзаков және аға оқытушы Р.К. Танибергенова студенттерді көшпелі оқу сабағын өткізу аясында алып жүрді.
Экскурсия барысында білім алушылар Мекеменің құрылымымен және негізгі қызмет бағыттарымен, әйел жынысты сотталғандарды ұстау режимінің ерекшеліктерімен, тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен, сондай-ақ әйел жынысты сотталғандарға қатысты жазаны орындаудың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне, атап айтқанда сотталғандардың онлайн форматта білім алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Мекеме әкімшілігінің өкілдері студенттермен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізіп, Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері, сондай-ақ түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Өткізілген көшпелі оқу іс-шарасы студенттердің қылмыстық жазаларды орындау саласындағы практикалық білімдерін кеңейтуге және бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың жазасын өтеуді ұйымдастыру туралы көрнекі түсінік алуға мүмкіндік берді.
