Q University Logo
Құқық

«Құқық» бағытының 3-курс студенттерінің Алматы қаласындағы Сот сараптамалары институтына таныстыру сапары

«Құқық» бағытының 3-курс студенттерінің Алматы қаласындағы Сот сараптамалары институтына таныстыру сапары

ByAdministrator3/12/2026

6В042 «Құқық» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын меңгеру аясында 3-курс студенттері үшін «Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты» РМҚК-не таныстыру сапары ұйымдастырылды.

2026 жылғы 11 наурызда заң ғылымдарының магистрі, «Құқық» академиялық мектебінің аға оқытушысы Шалабаева Ж.С. білім алушылар үшін таныстыру экскурсиясын өткізді. Сапар барысында студенттер мекеменің құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінік алып, сот-сараптамалық қызметтің негізгі бағыттарымен және сараптама жүргізу барысында мамандар шешетін міндеттермен танысты.

Экскурсияға қатысушыларға арнайы жабдықтардың және зерттеу материалдарының жұмысы көрсетілді. Институт қызметкері сот сараптамасының жекелеген түрлерін жүргізу әдістемелері мен сарапшылар жұмысының ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өткізілген іс-шара студенттерге сот сарапшысының қызметінің практикалық қырларымен көрнекі түрде танысуға мүмкіндік берді.

Мұндай оқу форматы аудиторияларда алынған теориялық білімді нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ болашақ заңгерлерге сот сараптамаларын тағайындау және жүргізудің процестік әрі әдістемелік негіздерін жақсы түсінуге көмектеседі. Бұлолардыңкәсібиқұзыреттілігініңмаңыздықұрамдасбөлігіболыптабылады.